28.04.2023, 10:45
Оқылды: 108

Мамырдағы мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?

Биыл қазақстандықтар 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтеді.

1fb80a72-b127-4a5f-bb53-4561ce16f6c5

««Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы осы мерекелерге байланысты Қазақстанның ХҚКО-лары мен МХҚО-лары 1, 8 және 9 мамыр күндері жұмыс істемейтінін хабарлайды», - деп жазады корпорация сайтында.

Айта кетейік, сенбі 6 мамыр күні кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лар жұмыс істейді.

Бұл күні азаматтарға сағат 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Мерекелерден кейін 10 мамырда барлық Халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар -жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале