2.01.2024, 12:00
Оқылды: 138

Маңғыстауда ересек адам мен екі бала от шашудан зардап шекті

Маңғыстау облысында от шашудан үш адам зардап шекті. Оның біреуі — ересек адам, екеуі - бала. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20240102-WA0000Фото: Жамбыл облысы ПД

- Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы жаңа жыл түнінде 1216 шақыртуға қызмет көрсеткен. Дәрігерлер мен фельдшерлердің жұмысы екі есеге артқан. Оның ішінде 7 жол-көлік оқиғасы және 2 пышақ жарақаты болған.

От шашудан 3 адам жарақат алған. Оның біреуі - ересек адам, екеуі - кішкентай бала, делінген баспасөз мәліметінде.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда жаңажылдық отшашуға 3 млн теңге бөлінгенін хабарлаған едік.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале