27.09.2026, 19:00
Оқылды: 46

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды.

InShot_20260927_191357174

Фото: aqorda_resmi

Атап айтқанда, 29011 әскери бөлімі взводының командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ осы әскери бөлімнің өкілдері — бөлімше командирлері Сержан Талғатұлы Аяпберген, Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов, Мансұр Айтбайұлы Ғұмаров, Олжас Тәжібайұлы Диханбаев, матростар Дастан Нұрболұлы Бегей, Ақжайық Болатбекұлы Гилаж, Әсет Саматұлы Жаңабай, Алмас Жүсіпұлы Көбенов, Азамат Болатбекұлы Мәдіхан, Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ, Жеңіс Тілеуішұлы Темірғалиев, Ақылбек Қабденұлы Төлеген және Мирас Тұрдыбекұлы Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале