18.06.2021, 22:52
Оқылды: 538

Медицина саласы қызметкерлеріне құрмет

Бүгін облыстық Жастар үйінде медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда облыс əкімі Ғали Есқалиев өңірдің медицина қызметкерлері мен ардагерлерін, салтанатты кештің құрметті қонақтарын ҚР медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.

76D7D1BF-0AE6-4409-B88C-2335669AAAB6

-Пандемия кезінде біздің облымызда болған оқиға туралы айта кеткім келеді. Бір дəрігер маман індетке шалдыққандар арасында тыным көрместен, үйіне бармастан еңбек еткен.  Осы уақыт ішінде немерелі болса да Гиппократ антына адал болып, өз қызметін алдыңғы орынға қойып, науқастарды емдеген дəрігердің əрекеті мені ерекше толғандырды. Бұл бір ғана мысал. Осынау жайт медицина қызметкерлеріне үйреншікті болғанымен, басқаларға еңбектің ерекше үлгісі болып саналады. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері əр науқастың өмірін сақтап қалуда аянбай жұмыс істеуде, - деген облыс əкімі бұдан əрі өңірде медициналық қызмет қолжетімділігінің өскенін, денсаулық сақтау саласында материалдық-техникалық базаның нығайып, медицина ғылымы мен ақпараттық технологияның дамығанын айқын мысалдар келтіре баяндады.

B6D816E4-9AEF-44BC-9904-13D5B6270574

Салтанатты шарада облыс əкімі өңірдегі медициналық қызметкерлердің үлкен бір шоғырына "Еңбек ардагері" белгісін, ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін төсбелгісін, ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісін, облыс əкімінің алғысхатын табыс етті.

A6F57DA4-1099-40C0-902D-30A3CAC5A9F6

Жиында, сондай-ақ көптеген ақ халатты абзал жандар Орал қаласы əкімінің, ҚР денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен жəне "Сенім" денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының республикалық қоғамдық бірлестігі атынан марапатқа ие болды.

AE40DD09-8569-49CC-AD78-A2808F6F33DF

Толығырақ облыстық " Орал өңірі" газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

B4FC629E-F74E-4273-A47F-345815414BA4

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале