8.09.2021, 16:35
Оқылды: 140

Медицина ұйымдары COVID-19 экспресс-сынамаларын кеңінен қолдану мүмкіндігін қарастырып жатыр

Зертханалық медицина және сараптама қауымдастығы мен Орталық Азия медициналық зертханалық диагностика және сараптамалар бірлестігі антигенді анықтауға арналған экспресс-сынамаларды кеңінен қолдану мәселелерін талқылады.

55555

Елдегі экономикалық жағдай барлық қазақстандықтан ауқымды сынама алуға мүмкіндік бермейді. Себебі ПТР-сынамалар күрделі зертханалық инфрақұрылым мен білікті мамандарды талап етеді. Өзінің жай-күйін тексергісі келетін қарапайым азаматтар үшін бір сынамаға 7 000 теңгеден және одан да көп қаражат жұмсау қиынға соғады. Бұл ретте нәтижелердің өзі үлгіні тасымалдауға қажетті уақытты қоса алғанда және өңірлердің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін дайындалады.

Ауруханаға жатқызу немесе босану сияқты ерекше жағдайларда тестілеу жылдамдығы өте маңызды, ал экспресс-сынамалар вирустық инфекцияны 15 минут ішінде анықтай алады.

Сондықтан тестілеу қызметтерін кеңейтіп, нәтижелерді алу уақытын тездету керек дейді сарапшылар. Коронавирусты диагностикалау әдістерінің бірі ретінде экспресс-сынаманы қабылдаған Сингапур мен Германияның мысалдары үлгі.

Ауруларды диагностикалаудың ғаламдық альянсының мәліметтері бойынша бүгінгі таңда COVID-19 антигенін анықтауға арналған экспресс-сынаманың коммерциялық нарығында 165 өндіруші жұмыс істейді, олардың көпшілігі АҚШ, Қытай, Жапония, Корея және бірқатар Еуропа елдерінде ұсынылған.

Зертханалық медицина және сараптамалар қауымдастығының мәліметтері бойынша әзірге «Eco Pharm KZ» экспресс-сынаманың бір ғана отандық өндірушісі жұмыс істейді.

«Негізі антигендік сынақтар COVID-19-бен күресуде шешуші рөл атқаруы мүмкін, өйткені олар ПТР-сынақтарына қарағанда төмен бағамен шығарылады. Осы ұсыныспен отандық өндірушінің нарыққа қатысуы қазақстандықтарды тестілеумен қамтуды кеңейтуге көмектеседі», - деп атап өтті Зертханалық медицина және сараптама қауымдастығының президенті Райхан Мамырова.

Шетелде антигендерге арналған экспресс-сынамалар 20 АҚШ долларынан 35 долларға дейін тұрады. Бұл кейбір ПТР жиынтықтарымен салыстырғанда әлдеқайда арзан, өйткені олар 100 АҚШ доллары немесе бағасы одан да көп болуы мүмкін. Қазақстанда ПТР-сынамалары 7-ден 12 мың теңгеге дейін, ал экспресс-сынамалар 2,5 мың теңгеден басталады.

Сондықтан ОАОМЛДЭ түсіндіргендей, экспресс-сынамалар тестілеуге қолжетімділіктегі олқылықтарды толтыра алады, сондай-ақ зертханалардағы жүктемені азайта алады, осылайша диагностикадағы кідірістерді азайтып, қолжетімді құралдарды пайдалануды оңтайландырады.

«Бұл тест түрінің артықшылығы өз денсаулығы туралы жағдайын біліп жүргісі келетін саналы азаматтар үшін айқын плюс. Бұл зертханалық инфрақұрылымға немесе қымбат жабдыққа мұқтаж болмай-ақ қолдануға болатын қарапайым және жылдам сынақтар», - деді профессор, ОАОМЛДЭ медицина ғылымдарының докторы Мұстафа Рысұлы.

 baq.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале