12.05.2021, 16:17
Оқылды: 165

Мейірбикелерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

12 мамыр күні «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшілігімен Халықаралық мейірбикелер күніне орай құттықтаулар ұйымдастырылды.

IMG-20210512-WA0066 (1)

«SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Махамбет Құсайынов денсаулық сақтау саласындағы еңбек ұжымдарын құттықтап, мейірбикелердің дәл қазіргі уақытта еліміздегі пандемиялық жағдайдағы жанқиярлық жұмыстары үшін алғысын жеткізді.

IMG-20210512-WA0062

Құттықтау барысында бірқатар мейірбикелер марапаттарға ие болды. «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы РҚБ-ның төрағасы Сапарбек Дүйсеновтің атынан «SENIM Uzdigi» төсбелгілері табысталып, сала мамандары арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

IMG-20210512-WA0060

Сонымен қатар, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Махамбет Құсайыновтың 100 қызметкерге «Алтындар» сауда орталығынан он мың теңгені құрайтын ақшалай сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, жазушы Жан Ақжановтың арнайы Мейірбикелер күніне орай басылымнан шыққан «Кәсіподақ көшбасшысы» атты кітаптары естелік сыйлыққа берілді.
Өз жұмысында жемісті жетістікке қол жеткізіп, табанды еңбектерімен көзге түскен мамандар облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы қолынан Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарға ие болды.

IMG-20210512-WA0064 (1)

Мамандар мерекеде көңілдерін аулап, құттықтап келген «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұжымына алғыстарын білдірді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале