12.07.2022, 12:30
Оқылды: 84

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің үздіктер қатарына енді

WBC барлық салмақ санаты бойынша рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

2022_07_12_vkhxqoiv

Сурет: Egemen.kz

WBC International чемпионы Жан Кособуцкий 15-орыннан 12-орынға көтерілді. Бірінші ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев бір қатар төмендеп, 36-шы болды.

Екінші орта санатта Айдос Ербосынұлы мен Әли Ахмедов сәйкесінше 19-шы және 20-орындарды сақтап қалды. Өткен айда аргентиналық Себастьян Орасио Папескиді нокаутпен жеңген Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингте оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.

Бірінші орта дивизионда Садриддин Ахмедов 28-орында қалды. Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов бір қатар шегініп, 21-орынға тұрақтады. WBC Youth тұжырымы бойынша чемпион Талғат Шайкен екі саты жоғарылап, 32-орынға көтерілді.

Батыр Жүкембаев бірінші жартылай орта салмақтағы рейтингтер кестесінде 25-орында қалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале