20.08.2026, 9:31
Оқылды: 7

«Мектепке жол»: ізгілікке бастар жол

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасына көмек көрсетті. Отбасында тоғыз бала тәрбиеленуде, олардың алтауы – мектеп жасындағы балалар.

4ab1a4211831558c85c4461afe39a499_1280x720

Комитет қызметкерлері отбасыға қажетті заттар мен қаражат жинауды ұйымдастырды. Акция аясында кеңсе тауарлары мен оқу құралдары, азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттар табысталып, сондай-ақ қаржылай көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» акциясына қатысу Комитет ұжымы үшін көп жылдан бері қалыптасқан игі дәстүрге айналды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл акция өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп қана қоймай, балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз әрі жақсы көңіл-күймен бастауына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.

Қайырымдылық жасау және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысу Мемлекеттік қазынашылық комитеті ұжымының қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осындай игі бастамалар қызметкерлерді біріктіріп, өзара көмек, жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале