18.06.2021, 0:01
Оқылды: 1370

«Мектептің көшірілуіне қарсымыз...»

Осындай ұранмен облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-лицейінің ата-аналары наразылық танытып, өткен жексенбі күні мектеп алдына жиналған болатын. Белгілі болғандай, 11 маусым күні облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Светлана Темірғалиева бұқаралық ақпарат құралдарына М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының жабылатынын және оның орнына облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» мектеп-лицейін көшіру жоспарда бар екендігін айтқан еді. Алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізбестен және ешқандай ескертусіз жасалған бұл шешімге лицей ата-аналары түгелдей қарсы шығып, бала құқығының қорғалуын талап етті.

058be612-0388-4802-9b2c-4a8203448965

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 18 маусымдағы №49 санындағы журналист Ләззат Шағатайдың «Мектептің көшірілуіне қарсымыз...» атты мақаласынан оқып білуге болады.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале