ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

24.05.2021, 19:01
Оқылды: 109
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады.бқоҚазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, жер қатынастарына қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының жұмыстары, инвестиция тарту және Жайық трансшекаралық өзенінің проблемалары жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жергілікті жұртшылықтың бюджеттен қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асырылуын бақылауға, өңірді сумен және жылумен қамтамасыз етуге, автожолдар салуға және электр желілерін жаңғыртуға қатысты мәселелерді шешуге атсалысып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы өңірдің ет өнімдерін ұлғайтуға және осы салада еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндігі бар екенін атап өтіп, әкімдіктің Батыс Қазақстан облысында мал шаруашылығын дамытудың ғылыми-өндірістік базасын құру жөніндегі жоспарын қолдады.

Президент Оралда машина жасау саласының техникалық және кадрлық әлеуетін сақтау қажет екеніне назар аударып, Ғали Есқалиевке демографиялық қауіпті азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвесторларды қолдау жөнінде міндет жүктеді. Мемлекет басшысы әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, бюджетті әділ бөлудің, бюджетаралық қатынастардың тиімді тетігін енгізудің маңыздылығын айтты. Оның айтуынша, облыстар салықтан түсетін қаржыны жергілікті деңгейде қалай жұмсау керек екенін анық түсінуге тиіс.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале