14.01.2022, 15:45
Оқылды: 168

Мемлекет басшысы Қазақстанды жаңа даму кезеңіне бастайтын он  бағыт-бағдарды айқындады

– Біз – талай қиындықтарды жеңген елміз. Төздік, бірімізді біріміз демедік. Қазір де халықтың наразылығын тудырған, шешімін таппай келе жатқан күрмеулі мәселелер жоқ емес. Әлеуметтік жағдайдың төмендеуі,  қымбатшылық және басқа да түйткілдер бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі өткен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында халық көкейіндегі осындай көкейкесті мәселелерді дөп басып, құзырлы құрылымдарға тиянақты тапсырмалар берді.

D32E9649-0990-47D4-9DF3-878CC9CF76C0

Президент Қ.Тоқаевтың еліміздің қауіпсіздігіне, мемлекеттік шекараны нығайтуға, әсіресе қару-жараққа мұқият болуға, әлеуметтік-экономикалық жағдайларды тұрақтандыруға баса назар аударамыз дегенін құптаймын.

Үкіметке ауыл шаруашылығын нығайтуды тапсырды. Ауылсыз қаланың күні жоқ. Ел билігінде отырған азаматтарға Төле бидей әділ болуды тілеймін. Ашкөздік пен тойымсыз болмауды, кісі ақысын жемеуді қасиетті Құранда да міндет еткен. Мемлекет басшысы  Қазақстанды жаңа даму кезеңіне бастайтын он бағыт-бағдарды айқындады. Президентті қолдайық!

Үзілдік Елубайқызы,

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале