20.03.2023, 10:00
Оқылды: 62

Мемлекет басшысы Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Президент өз инстаграм-парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллс кортындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

istoricheskaya_pobed_1679266136

Фото: Қазақстанның теннистен федерациясы

– Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!

Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.

Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале