Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады.

Фото: aqorda_resmi
Кездесу барысында Президент елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударып, сарбаздар мен офицерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы тиіс екенін қатаң атап өтті.
Сондай-ақ кәсіби даярлық сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамытып, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту және әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелері пысықталды.