1.03.2022, 10:00
Оқылды: 56

Мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар жалақыны өсіруге міндеттеме алады - Әлихан Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220301094240750e

«Отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды орналастырудың маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттен қолдау алған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын өсіруге міндеттеме алады. Аргоөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленіп жатыр. Қосымша ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамытуға жағдай жасалады. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған жобалар басым түрде қолдауға ие болады», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ Үкімет басшысы аталған шаралардың бәрі биыл қабылданатынын еске салды.

«Оларды іске асыру үшін Үкімет бар күш-жігерін жұмсайды деп сендіремін», - деді Әлихан Смайылов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале