Департамент жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзудың 1155 фактісі анықталды. Бұзушылықтардың ең көп орын алуы жер қатынастары саласында байқалды.
Сурет: gov.kz
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың өткен кезеңінде осы қызметтерді ұсыну тәртібін бұзу жағдайларының саны 91%-ға өскені байқалады. Бұл жағдайаталған мәселенің өзектілігі мен одан әрі назар аударуды қажет ететінін көрсетеді.
Орын алған бұзушылықтар заңнамадағы кемшіліктер, қызметкерлердің кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі,қызмет көрсету процестерінің ашық болмауы себебінен болған.
Аталған факторлар мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін тиімді орындауын едәуір қиындатады және көрсетілетін қызметтердің сапасына теріс әсер етеді.
Мәселені шешу үшін қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру, қызмет көрсету процестерін жеңілдету және ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет.
Осы қадамдар бұзушылықтар санын азайтып қана қоймай, халықтың мемлекеттік органдарға деген жалпы сенімін арттыруға көмектеседі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша
департаменті