18.03.2020, 17:58
Оқылды: 340

Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқықбұзушылықтар

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

satyp alu

2019 жылдың әкімшілік тәжірибесін сараптаумен мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтар едәуір ұлғайғанын көрсетті. Мысалға, 2019 жылы 535 лауазымды  тұлғаларға 24 756 875 теңгеге әкімшілік хаттамалар толтырылса, оның ішінде 444 хаттама немесе 83 пайызы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар бойынша толтырылған.

Ең көп жіберілген бұзушылықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, сол сияқты бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу болып жіберілген бұзушылықтар үшін 254 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала жіберу хаттамасын және (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау бұзушылықтарымен – 103 лауазымды тұлға, өнім беруші өзімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді тиiсiнше орындамаған жағдайларда әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі бойынша 51 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа бұзушылықтардың ерекшеліктері де  ұлғаюда, 2019 жылы алғаш рет мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмау, сол сияқты мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын экономикалық сыныптаманың мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін өзіндік ерекшеліктері (шығыстар баптары) бойынша жиынтығында бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес келмейтін көлемде бекіту (нақтылау)  бұзушылықтары үшін 6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Департамент өз тарапынан бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге түсінік жұмыстарын жүргізуде. Осы бағытта 2019 жылы облысымыздың ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер, әкімшіліктер, мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен 3 кеңейтілген кеңестер ұйымдастырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале