12.06.2020, 14:50
Оқылды: 698

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде «электронды дүкен» іске қосылады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде мемлекеттік сатып алудың барлық процесі автоматтандырылғанын мәлім етті.

Karjy
«Мемлекеттік сатып алу көлемі 3% артып, 3,9 трлн. теңгеден астам соманы құрады. Алдағы уақытта бір көзден сатып алу процесін қысқартып, 1 күн ішінде тауарларды бәсекелестік негізде сатып алуға мүмкіндік беретін «электронды дүкен» іске қосылады деп күтілуде. Сонымен қатар «электронды депозитарий» құрылады. Ол адам факторы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қоспағанда әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді», – деді Ерұлан Жамаубаев бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халыққа онлайн есеп беру кезінде. Сонымен қатар министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алу процесінде балдық-рейтингтік жүйені енгізу жоспарлануда. Веб-портал өнім берушілерге баға және сапалық өлшемшарттарды ескере отырып, тиісті рейтингті автоматты түрде беретін болады.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале