20.05.2022, 15:00
Оқылды: 140

Мемлекеттік сатып алуды рәсімдеу 30 күнге дейін қысқарады

Биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу саласында жаңа тәсіл іске қосылады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220511182552967e

«Сатып алуды уақтылы өткізу мақсатында оның алдын ала жоспарын құру жағы қаралып жатыр. Биыл бюджеттік комиссия мақұлдаған өтінім негізінде сатып алулар өткізуге және бюджеттің бекітілуін күтпей-ақ келесі жылға шарттар жасасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, конкурс өткізу туралы хабарландыруды алдын ала жариялау мүмкіндігі қарастырылуда. Аталған шара өтінімдерді қабылдау мерзімін 15 күннен 7 күнге дейін қысқартады. Мемлекеттік сатып алу рәсімін жеңілдете түсу мақсатында биыл 1 шілдеден бастап негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурс арқылы сатып алудың жаңа тәсілі енгізіледі. Бұл сатып алу рәсімдерін 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Дәурен Кеңбейіл ОКҚ-де өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір аталған процестің орташа ұзақтығы 2 ай.

«Мемлекеттік сатып алудың жаңа тәсіл кеңсе тауарлары, жанар-жағармай, байланыс қызметтері, стандартты (типтік) тауарларды сатып алу бойынша пайдаланылады. Бұл жерде келісім жасалмас бұрын белгіленген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті мекемелерге ерекше мән беріледі. Яғни нарықта өзін жақсы жағынан көрсеткен компаниялар сұраныс ие болады деген сөз. Екінші кезеңде тапсырыс берушілер мұндай өнім берушілерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға өтінімдер жібереді. Шарт ең жақсы ұсыныс жасаған жеткізуші компаниялармен жасалады», - дейді ол.

Бұған дейін министрдің орынбасары жыл соңына дейін мемлекеттік сатып алуды бір көзден жүзеге асыру 20%-ға қысқаратынын айтты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале