26.07.2022, 17:00
Оқылды: 98

Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!

Әр мемлекеттің болашағы сол елдің халқының игілігіне байланысты, әсіресе оның өскелең ұрпағына тәуелді екеніне көзіміз жетіп отыр.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Биылғы жылы акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

IMG-20220726-WA0024

Фото дереккөзі: zhanaqorgan-tynysy.kz

Акция мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы  отбасыларының балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.

Жылдан жылға Акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда, солардың ішінде қала әкімдігі, қалалық мәслихат, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде. Өткен оқу жылында 1363 оқушыға бюджеттік қаражат есебінен, 424 оқушыға бюджеттен тыс қаражат есебінен көмек көрсетілген болатын.

Қала мектептерінде 2000-ға жуық аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар тіркелген. Жаңа оқу жылында 6000-нан астам бүл­діршін қала мектептерінің табалдырығын бірінші рет аттағалы отыр.

Әлем ізгі ниетті адамсыз емес – бұл өмір ақиқаты.
Қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында қаламыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болмақшы қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Н.Назарбаев даңғылы, 145 үй, тел.:50-04-08, 50-38-79) және қала мектептеріне жолығуын сұраймыз.

Орал қаласының білім беру бөлімі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале