28.06.2021, 13:32
Оқылды: 177

Мерекелерімен құттықтады

Бүгін «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев өңірдегі бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғысхаттар табыстады.        1

- Журналистика - өте күрделі және маңызды сала. Сіздер халық пен биліктің арасында алтын көпір орнататын кәсіби мамансыздар. Ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі, қағидаттылығы, жеделдігі мен бейтараптылығы, адамдарға көмекке келуге дайын болуы - дәл осындай тамаша қасиеттер біздің қоғамымызды одан әрі дамытуда. Кәсіби мереке күні сізді партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жолында қолдау көрсетіп, іске асырылуын объективті жариялап жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Өз кәсібіңізге адалдық танытып жүргеніңізге ризашылығымызды білдіре отырып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі ісіңізге шығармашылық табыс тілеймін. Жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыру жолында қанаттарыңыз талмай, самғай беріңіздер, -деді М.Мұқаев.

3

Кәсіби мерекеде мерейі тасып, марапатқа ие болғандар қатарында «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, орынбасары Сәкен Әбілхалықов пен Нұрымбек Жапақов, Ясипа Рабаев, Нұрбек Оразаев сынды бірқатар тілшілер болды.

2

Салтанатты шара барысында партия өкілдері журналистермен дастарқан басында емен-жарқын пікір алмасып, алда да бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале