28.06.2021, 23:37
Оқылды: 181

Мерекемен құттықтады

Бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлері күніне орай  редакция ұжымына ауыл-аудандардағы, қаладағы тілеулес ағайыннан мерекелік құттықтаулар көп түсті. Сонымен қатар журналистерді кәсіби мерекелерімен келіп құттықтаушылар да болды. 

 торт1

Облыстық камералық оркестр ұжымы атынан оның директоры Салтанат Абулғазиева редакция ұжымын мерекемен құттықтап,  игі тілегін жеткізді. «Сіздерді төртінші билік өкілі, мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір  санаймыз. Шынайы ақпарат таратудағы еңбектеріңіз зор. Басылымда өңірдегі мәдениет саласындағы қадау-қадау мәселелерді көтеріп, жылт еткен жаңалық пен жақсылықты елге жеткізуге асығасыздар. Адамзаттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы береке-бірлікті, жасампаздықты жазасыздар. Жауапкершілігі атан түйеге жүк болардай қызметтеріңізге табыс тілеймін» - деді Салтанат Мақсотқызы.

«Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин арнайы құттықтай келген Салтанат Абулғазиеваға ұжым атынан алғыс айтып,  ол басқаратын камералық оркестрге шығармашылық табыстар тіледі.

 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале