31.01.2023, 15:45
Оқылды: 60

Министрлердің халықпен кездесуі тиімді болды ма – Үкімет қорытынды жасады

Бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу қорытындылары жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

IMG-20230131-WA0009

«Президент тапсырмасына сай жүзеге асырылып жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының мәні мемлекеттік органдардың халықпен байланысын күшейту және азаматтардың сауалдары мен өтініштеріне жедел ден қою екені мәлім. Ел арасында халық министрліктері деп аталатын Еңбек, Оқу-ағарту, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері сияқты өзге де мемлекеттік органдар ауқымды жұмыс жүктемелеріне қарамастан, тиімді қызмет атқарып келеді. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы мен Үкімет қаулысы аясында, азаматтардың мәселелерін шешуде әкімдіктерге елеулі қолдау көрсетіліп жатыр», - деді Д. Қыдырәлі.

Осы орайда ол министрлердің халықпен кездесуін талдау жұмыстарының қорытындысына тоқталды.

«Министрлердің өңірлердегі халықпен кездесуіндегі маңызды шаралар: кездесулерді жариялау, мәселелерді алдын ала жинақтау, брифингтер, азаматтарды жеке қабылдау, коммерциялық емес ұйымдармен кездесулер және проблемалар бойынша іс-қимыл жоспарын дайындау. Кейбір орталық атқарушы органдар аталған талаптарды толық сақтамағаны анықталып отыр. Көшпелі кездесулер аясында 2022 жылдың қорытындысы бойынша, министрлер 216 жеке қабылдау өткізіп, 1498 азаматтың арыз-шағымын тыңдаған. Кездесуде 1679 мәселе көтеріліп, оның 1241-і немесе 74%-ы шешілді. Ал 438-і мемлекеттік органдардың орындауында. Аталған іс-шаралардың оң әсері мен нәтижелі болғанын атап өткіміз келеді», - деді министр.

Осы орайда ол Оқу-ағарту министрінің халықпен кездесу қорытындысы бойынша, мемлекеттік мектептерде оқушыларды тамақтандыру қағидаларына өзгерістер енгізілгенін айтты. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер министрінің кездесуі нәтижесінде жергілікті спорт мектебі «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының қамқорлығына алынды.

«Бұл ретте, азаматтар мен БАҚ министрлердің өңірлерге сапары жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланбайтынын, халықтың көбінесе хабарсыз қалатынын ескерген жөн. Кестеге сәйкес, 2022 жылға 227 кездесу жоспарланған, оның 55-і бірінші жартыжылдыққа, 172-сі екінші жартыжылдыққа межеленген. Нәтижесінде, 2022 жылы (мамыр-желтоқсан кезеңінде) барлығы 212 кездесулер өткізілді. Министрлердің халықпен кездесулеріне жүргізілген салыстырмалы талдау жұмыстары екінші жартыжылдықта кездесу қарқыны 2,3 есе өскенін көрсетті. Жалпы халықпен кездесу өткізуге вице-министрлерді де тарту кестеде көрсетілген міндеттерді 1 айға жетпейтін уақытта атқаруға мүмкіндік берді», - деді ведомство басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале