2026 жылғы 18 қарашада ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде кәсіби қоғамдастық және ҚР ҰКП «Атамекен» өкілдерінің қатысуымен оңалту және банкроттық саласындағы заңнамалық жаңалықтарды іске асыру және өзін-өзі реттеуді дамыту перспективалары мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Талқылау орталығында – әкімшілік шығыстарды қалыптастыру және жүзеге асыру тәртібін нақтылау, әкімшілердің сыйақысы және өзін-өзі реттеуді дамыту мәселелері.
Комитет құқық қолдану практикасын мониторингілеу мен нормативтік реттеуді жетілдіруді қоса алғанда, алдағы жұмыстың басымдықтарын белгіледі.