15.09.2021, 17:14
Оқылды: 108

Моңғолияда алғаш рет COVID-19-дан өлген жануарлар тіркелді

Моңғолияда зертханалық сынақ нәтижесі көрсеткендей, екі құндыз COVID-19-дан өлген, деп хабарлады сәрсенбі күні елдің Бас ветеринарлық қызметі басқармасы. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

м

«Елімізде өткен айда екі құндыз жұмбақ жағдайда өлді, зерттеу нәтижесі көрсеткендей, олар COVID-19 жұқтырған», - деп телефон арқылы хабарлады «Синьхуа»-ға агенттік эксперті Адиясурен Тувшинбаяр.

Бұл COVID-19-дан малдың қырылған алғашқы жағдайы. Моңғолияның Ұлттық зоонозды аурулар орталығының мәліметінше, осы орталықтағы тағы жеті құндыздың COVID-19-ға алынған тесті оң нәтиже көрсеткен. Сондай-ақ, екі үй мысығынан да коронавирус індеті табылған.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале