Электр жүйесі - өзекті мәселе
11 Тамыз 2022

Электр жүйесі - өзекті мәселе

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты
11 Тамыз 2022

БҚО-да өндірістегі жазатайым оқиғалардан 10 адам қаза тапты

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!
11 Тамыз 2022

Шыңғырлау жастары – турнир жеңімпазы!

Жастармен жарқын жүздесу
11 Тамыз 2022

Жастармен жарқын жүздесу

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті
11 Тамыз 2022

Ақсоғым кентінде 19 жасар бала суға батып кетті

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты
11 Тамыз 2022

Құрылыс жұмыстарының барысымен танысты

Мұғалім талқылайтын тақырып көп...

«Орал өңірі» газетінің тұрақты оқырманы ретінде газет бетінде мұғалімдерге қатысты жарияланған мақалаларға ерекше көңіл бөліп, мүмкіндігімізше пікір білдіру – қалыптасқан дағдымыз. Бұл, бір жағынан, өзгеріп отыратын заман талабына қарай жаңалықтардан хабардар болу болса, екінші жағынан, газеттің тәрбиеге, білімге қатысты мәселелерге үнемі мән беріп, оған жиі барып отыруына да байланысты болса керек. Газеттің биылғы сәуір айындағы нөмірінде (19 сәуір 2022 жыл) Бауыржан Файзоллаұлы «Тақырыпты талқыладың ба, мұғалім?» деп мұғалімдерге сұрақты турасынан қойып, оқушының тәртіп-тәрбиесіне қатысты соңғы жылдары газет бетінде жарияланған материалдардың тізбегін берген екен.

1548129895_article_b

Суреттің дереккөзі: egemen.kz

Олардың ең бастылары: «Әр баланың суицидалды әрекетіне ересектер жауапты!» (10.08.2017), «Жас өмірді есірткі жалмамасын!» (24.09.2021), «Электронды темекі - қауіпті әуестік» (22.10.2021), «Қымбат-ау қыздың ар-мұңы...» (21.12.2021), «Мұғалім, мәртебеңе лайық бол!» (17.01.2022), «Күйзеліс аймақтарында жат ағым көбейді» (19.03.2022), «Мектепте әлімжеттік әлі бар ма?» (12.04.2022), т.б.

Одан әрі автор өз ойын «Мұндай қоғамдағы тәрбиеге қатысты көкейкесті мәселелер ата-аналар жиналысы мен тәрбие сағаттарында жаппай талқылау мен пікір алмасу өзегіне айналса, газеттің қоғамдық сана мен жас ұрпақ тәрбиесіне игі әсері күрт артары анық. Ең бастысы, сіз бен біздің тәрбие бағытындағы жұмысымыздың тиімділігі жетілер еді» деп қорытындылайды. Бұл – орынды пікір. Газет бетіне жарияланған өзекті мақалаларды талқылау жұмыстары бүгінгі таңда мектептерде тиісті дәрежеде жүргізіле бермейтіні ақиқат. Оны мойындауымыз керек. Сонымен қатар газет соңғы кезде мектептегі білім сапасы, қазақ елінің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін баянды ету жөніндегі көлемді мақалаларға орын беріп, ата-аналармен, педагогтер қауымымен қай уақытта да мүдделес екенін көрсетіп келеді.

«Орал өңірі» газеті бетінде (14.04.2022, 26.02.2022) «Үзіліс» арнайы бетінің қоғамдық редакторы Дариға Мұштанованың тарих ғылымдарының докторы, профессор Баян Шынтемірова және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Светлана Бахишевамен «Мәңгілік тақырыпқа диалог» атты көлемді проблемалық мақалалары жарық көрді. Оларда ғылым негізінде бүгінгі жалпы білім берудегі көкейкесті мәселелерге талдау жасай отырып, мұғалімдер қауымына тікелей көмек болар өз пікірлерін білдірген. Сол сияқты осы жолдардың авторының «Орал өңірі» газеті бетінде басылған «ҰБТ рейтингінің төмендеуі білім сапасына кері әсер етуде» (27.10.2020), «Инновациялық мектептер - тәуелсіздіктің жемісі» (23.04.2021) атты мақалалары ҰБТ-ның және сапалы білім берудегі облыстағы мамандандырылған дарынды балалар мектебінің әлемдік стандартқа сәйкес жинақталған озық тәжірибелері берілген еді. Жүз пайыз білім сапасын көрсеткен бұл материалдарда жоғарыда айтылған ғалымдардың ұсыныс-пікірлерін мұғалімдер мен ата- аналар қолдады, талдады деп айту қиын. Дейтұрғанмен, бір ғана ҰБТ-ға қатысты материалды арнаулы білім мектептерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарындағы педагог ғалымдар мен әдіскерлер, т. б. қолдау көрсетіп, талқылауға қатынасты.

Тағы да бұл жерде газет өздерінің мүдделі екенін көрсетіп, ол материалды толықтай газетке жариялады («ҰБТ-дағы іркілістер мен сілкіністер») (12.02.2021).

Мұғалімнің, мектептің беделін көтеру оларға жалақыны көбейтумен шектелмейтіні байқалғаннан кейін, танымал ардагер журналист Есенжол Қыстаубаев университеттердің белгілі ұстаз-ғалымдарын (Ж. Жақсығалиев пен Н. Дәулетовті) қатыстыра отырып, мұғалім беделіне қатысты көлемді материал жариялады. («Аяулы мамандық иесі, абыройың асқақ, беделің биік пе?» (20.07.2021). Бірақ бұл мақалаға да ой қосып, пікір білдірген бір мектептің мұғалімі немесе мектеп директоры, ата-ана байқалмады. Данышпан Абай «Адамның жаманшылдыққа үйір бола беруінің бір себебі – жұмысының жоқтығы» дейді. Ал біз бұл жерде жұмысы жоқ мамандық емес, өркениетті қоғамның мәңгілік мамандығы – мұғалім туралы айтып отырмыз.

Нәсіпқали Дәулетов,

«Құрмет» орденінің иегері,

педагогика ғылымдарының кандидаты,

профессор

Кенжегүл Исатаева,

Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

- Меніңше, ата-ананың ең басты мұрат-мақсаты перзенттеріне дұрыс тәлім-тәрбие беру. Сол себепті осындай бағыттағы газет-журналдарда шыққан мақалаларды өзім қалт жібермей оқуға тырысамын. Сондай дүниелердің бірі - өзіміздің «Орал өңіріне» шыққан «Тақырыпты талқыладың ба, мұғалім?..»  атты мақала. Менің ойымша, мұндай үлкен-кішіге бірдей ой салар дүниені педагогтерге қоса, ата-аналар да оқып, өзара ой бөліскендері, пікір алмасқандары абзал. Тілге тиек болып отырған мақалада бала тәрбиесіне қатысты қордаланған біраз мәселе журналистердің назарына ілініп, көптің талқысына ұсынылғандығы айтылады. Мысалы, жасөспірімдердің соңғы кездері электронды темекіге әсіре әуестенуі, мектептегі әлімжеттік, мектеп жасындағы балауса бойжеткендердің ерте жүктілікке ұрынуы немесе суицидтің етек жаюы - қай-қай ата-ананы ойландыруы тиіс тақырыптар. Ендеше,  қазіргі қоғамға тән осындай күрделі мәселелерден, жалпы жаманат атаулыдан арылу үшін бала тәрбиесіне, ең алдымен ата-аналардың өздері өте мұқият, өте сергек қарауы тиіс деп санаймын.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале