28.05.2021, 11:12
Оқылды: 314

Мұғалімдердің еңбектері еленіп, жұмыстары бағаланды

Кезекті оқу жылының аяқталуына байланысты Орал қалалық №40 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілік ұжымы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілігімен «Жұлдыздар шеруі» мерекелік құттықтау шарасы өтті. Шараның басты мақсаты – оқу жылын қорытындылау, жыл бойы табанды еңбек етіп, жетістіктерге жеткен білім беру саласы мамандарын құттықтау, еңбектерін бағалау.

IMG-20210527-WA0087

«Үздік цирфлық сабақ», «Үздік жыл тәлімгері-2021», «Үздік педагог» байқауларының жеңімпаздары кәсіподақ атынан ынталандырылып, мектеп әкімшілігінің сый-құрметіне ие болды.
Шара ұйымдастырушысы, аталмыш мектеп ұжымындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азамат Садыров өз сөзінде: «Еңбек ұжымындағы бірлікті, белсенділікті, жанашырлықты сақтау – кәсіподақ ұйымының басты миссиясы деп білемін. Себебі, көңілі көтереңкі, жұмысына риза еңбек адамы – үлкен бір еңбек ұжымының атмосферасын жасайды. Бұл орайда, бастауыш кәсіподақ ұйымы әртүрлі мәдени, құқықтық, қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Әсіресе, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстарымен спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ұжымдағы татулық пен жанашырлықтың арқасында ашықтық пен белсенділік ұстанымдары жақсы нәтиже беріп келеді», - дейді.

IMG-20210527-WA0088

Бүгінде Орал қалалық №40 ЖОББМ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымында 103 кәсіподақ мүшесі бар. Кәсіподақ комитетінің бес тұрақты мүшесінің бастамасымен жылдық жоспарға тұрақты түрде еңбек ардагерлері, жас мамандар, әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы ұстаздар үшін арнайы шаралар енгізіледі.
IMG-20210527-WA0090

"БҚО Кәсіподақтар орталығы" АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале