15.05.2023, 9:52
Оқылды: 140

Мүгедектігі бар адамдар мәселесі басты назарда

Дәл қазір облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау шаралары және өңірдегі су шаруашылығының жағдайы туралы кеңес өтуде. Кеңес жұмысына обоыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының басшысы, облыстық басқармалар мен мүдделі мемлекеттік ұйым басшылары, Орал қаласы және аудан әкімдері қатысуда.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 07.38.27

Алғаш болып сөз алған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Альмира Тулегенова мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша облыстағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

WhatsApp Image 2023-05-15 at 07.38.26

Альмира Тулегенованың айтуынша облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны - 24 351 адам болса, оның 2965 адам 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.
- Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдаудың кешенді жүйесі, әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлі жүйесі бойынша жүргізіледі. Қазіргі таңда 20177 адам осы үш көзден берілетін жиынтық төлемді алып отыр. Биыл мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру үшін бюджеттен 30 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, - деді сала басшысы.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев облыстың білім (98) және мәдениет саласындағы (47) нысандардың мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделмегеніне байланысты сала өкілдеріне өз сауалын қойды. Алайда кеңеске қатысып отырған сала өкілдері осынша нысанның не себептен әлі күнге дейін бейімделмегені туралы нақты жауап бере алмады.

Альфия Шамаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале