4.04.2023, 16:21
Оқылды: 68

Мүгедектігі бар адамдарға арналған оқыту тренингтері басталды

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша өңірлік тренингтер циклі басталды.

74ccc576-708e-4ae0-9221-1e12fb67d163

Алғашқы тренингтер Алматы қаласында 2023 жылғы 27 – 31 наурыз  аралығында өтті.

Ағымдағы жылғы 3 – 5 сәуір аралығында Қарағанды қаласында МША үшін оқыту іс-шаралары өтеді.

Тренинг барысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қарағанды қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, қаржы ұйымдарының спикерлері өңір тұрғындарына мынадай өзекті тақырыптарды ашады:

- қаржылық қызметтерді алудағы МША құқықтары;

- депозиттер;

- банктердің кредиттері мен қаржылық өнімдері;

- кредиттік тарих;

- кредит бойынша мерзімі өткен кездегі іс-қимыл алгоритмі;

- арнайы шот дегеніміз не;

- салық шегерімдері: бұл не және олардың көмегімен қалай үнемдеуге болады;

- Fingramota.kz оқыту жобасы туралы;

- қаржы пирамидасы дегеніміз не және оны қалай тануға болады;

- егер сіздің атыңызға бөтен кредит ресімделсе, не істеу керек, қаржылық алаяқтар кімнің атымен жасырынуы мүмкін, сондай-ақ қаржылық алаяқтық пен қаржылық сауаттылық туралы қызықтыратын тақырыптар бойынша басқа да көптеген мәселелер.

Тренингтер Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709 мекенжайы бойынша сағат 10.30-дан 13.30-ға дейін өтеді.

МША үшін келесі оқыту тренингтері Ақтау және Орал қалаларында өтеді.

Fingramota.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале