6.06.2022, 10:45
Оқылды: 679

Мүлік теңгерімге қалай беріледі?

Мемлекеттік мүлікті заңды тұлғаның теңгеріміне беру – Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басым функцияларының бірі болып табылады. Әрі қазіргі күні мемлекеттік мүлікті тек қана аутсорсинг арқылы жеке және заңды тұлғаларға беру емес, оны заңды тұлғалардың теңгерімдерінде өзара қабылдау және беру мәселелері де қолға алынды. Оны жүзеге асыру тәртібі «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы №616 қаулысында нақты жазылған. Мәселен, мемлекеттік мүлікті заңды тұлғаның теңгеріміне беру екі деңгей бойынша өтеді. Оның біріншісі - республикалық меншікті коммуналдық заңды тұлғаның теңгеріміне беру. Мүліктік кешендер ретіндегі республикалық заңды тұлғалар, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері облыс әкімінің өтінішхаты негізінде Үкімет шешімі бойынша жүзеге асады.

87c70bf6927d4b1d9374069a58991f21-800x (1)

Келесі мәселе – керісінше, коммуналдық меншікті республикалық заңды тұлғалар теңгеріміне беру болып табылады. Бұл мүліктік кешендер ретіндегі коммуналдық заңды тұлғалар, коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері республикалық меншікке облыс әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық меншікке қабылдау туралы қаулылары негізінде орындалады. Мәселен, өткен жылғы ақпараттар бойынша облыстық коммуналдық меншіктен республикалық меншікке 9 жылжымайтын мүлік, 1 аутокөлік және 365 өзге мүліктер берілді. Сонымен қатар республикалық меншіктен коммуналдық меншікке 12 жылжымайтын мүлік нысаны, 9 аутокөлік пен 5279 өзге мүлік объектілері алынды.

Жасыратыны жоқ, бұл істі тиімді жүзеге асыруда электрондық, ақпараттық және цифрлық технологиялардың көмегі орасан. Сондықтан болашақта мемлекеттік мүлікті сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық факторларын азайтуға, республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын қысқарта отырып, бюджет тапшылығын болдырмауға, жалпы мемлекеттік мүлік саласындағы қызметтің ашықтығы мен тазалығын қамтамасыз етуге күш салына береріне сенім мол.

Ж.Қали,

Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

заңды тұлғалармен жұмыс және мүлікті иелену бөлімінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале