5.11.2023, 12:24
Оқылды: 53

Мультфильмнің кейіпкерлері сайлауда не істеп жүр?

Бөкей ордасы ауданындағы Сайқын ауылындағы №76 сайлау учаскесінде тізім бойынша 862 тұрғын дауыс бере алады. Комиссия төрағасы Алтынбек Үмбетқалиевтің айтуынша, қазіргі таңда 239 сайлаушы таңдауын жасаған.

сайлау орда м (3)

Түс ауа аталған дауыс беру орнына спайдермен бастаған мультфильм кейіпкерлері келді. Олар дауыс бере келген көпбалалы отбасы баладарына сыйлық таратып, көпшілікті қуантты.
Сайлауды мерекеге айналдырған бүлдіршіндердің сүйікті кейіпкерлі ұсынған естелік сыйлық Сатыбалды Ерекешевтің ұл-қыздарына бұйырды.

сайлау орда м (1)
- Сайлау қашан да мереке. Демократиялық қоғамның басты қағидасы. Сол принципті ұл-қыздарыма сіңіру үшін дауыс беруге балаларымызды ертіп келдік. Ал мульткейіпкердің сыйлығы бүлдіршіндерді қуантты. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын, - дейді Ерекешевтер отбасының отанасы Данагүл ханым.

сайлау орда м (2)
Сайлауға сән берген кейіпкерлер барлық сайлау учаскесін аралап, көпбалалы отбасы балаларын қуантады.

сайлау орда м (4)

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале