13.08.2021, 9:38
Оқылды: 471

Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа қалай орналаса алады?

Қазіргі таңда мүгедек жандарды қоғамның басқа топтарымен теңестіру мақсатында көп жағдайлар жасалуда. Солардың бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту. Облыста жұмыссыз азаматтарды, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтарды жұмыс пен қамту және кәсіпкерлікке бағыттау мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаға қатысудың басым құқығы халықтың әлеуметтік осал топтарына, соның ішінде денсаулығына байланысты еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдарға берілген.

mshzh

Бағдарламаға қатысу үшін...

Жұмыс іздеп жүрген мүгедектігі бар азамат тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту орталығына жолығып немесе электронды үкіметтің
е-gov порталына жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркелуі қажет. Ол үшін қажетті құжаттар:

- жеке басты куәландыратын құжатты (түпнұсқасы және көшірмесі);

- халыққа қызмет көрсету орталығынан мекенжай анықтамасы;

- жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы;

- мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз жүрген мүмкіндігі шектеулі азаматты тіркеуге алғаннан кейін аталмыш бағдарлама аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жолдайды. Яғни олар әлеуметтік жұмыс орындарына, «Жастар прак-
тикасы» бағдарламасымен және қоғамдық жұмыстарға орналаса алады. Сондай-ақ еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар оқып, тұрақты жұмысқа тұра алады.

Екіншіден, оларға да «Еңбек» бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағыты бойынша жеңілдетілген 6%-бен, ал аз қамтылған, көп балалы отбасы санатынан болса, 4% несие беріледі. Бүгінде осы бағыт аясында облыста 4 мүгедектігі бар азамат несие алып, өз ісін ашып, жұмыс орындарын құруда. Бұған қоса, кәсіпкерлік дағдыларына бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқып, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант иелене алады. Кәсіп бастаған мүмкіндігі шектеулі жандардан салық алынбайды.

***

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы  мүгедектер Конституцияда және басқа да заң актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық, жеке құқық және бостандықпен қатар, мыналарға құқылы:

– білім алуға, қызметті, сонымен қатар еңбекті өз еркі бойынша таңдауға;

– кәсіптік жетілдіру және қайта жетілдіру, еңбекке қабілеттілікті және жұмысқа орналасуды қалыпқа келтіруге.

Жергілікті атқарушы құрылымдар  мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді:

1) жұмысшылардың жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектерге арналған жұмыс орны квотасын белгілеу;

2) шағын, орта бизнес, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы мү-
гедектерге қосымша жұмыс орындарын құру;

3) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

4) мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру.

 

Дайындаған 

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

(мәліметтер  БҚО  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және 

әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынды)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале