12.10.2021, 16:42
Оқылды: 111

Мысыр туристік виза алудың жаңа ережесін жариялады

Мысыр үкіметі саяхатшыларды пирамидалар еліне баруға ынталандыру үшін туристік виза алудың жаңа ережелерін шығарды. Енді көптеген елден келген туристер электронды виза ала алады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

photo_87594

Электронды визаның онлайн-порталы (сілтемесі мұнда) сегіз тілде ұсынылған. Бірнеше туристік сұрауға жауап береді, қауіпсіз электронды төлемді қамтамасыз етеді және 24 сағат ішінде виза береді.

Egypt Independent басылымының мәліметінше, визаны онлайн ала алатын және Мысырдың кез келген портына келген кезде 46 мемлекеттің ішінде бар тізімге тағы 28 ел қосылды. Қазір тізімде 74 ел бар. Жаңа визалық портал туристерге бір және бірнеше туристік визаға оңай өтініш беруге мүмкіндік береді, өйткені ол құжаттың егжей-тегжей жоспарын ұсынады. Кіру құжатын өтініш берушілер жүктей алады және Мысырға келген кезде билік тексереді.

Мысырға туристік мақсатта бару үшін визалық жарна құны:

Бір мәртелік виза 25 доллар (10,5 мың теңге).
Көп мәртелік виза 60 доллар (25,5 мың теңге).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале