5.12.2022, 15:32
Оқылды: 50

Нақты жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер саны бір жылда 26% артты

1 қарашадағы жағдай бойынша елімізде 1,5 млн жеке кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бұл былтырғыдан 20,4% көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ranking.kz» ресурсына сілтеме жасап.

3

Аталған 1,5 млн жеке кәсіпкерліктің 92,2% немесе 1,4 млн субъект нақты жұмыс істеп тұр. Бір жылдағы өсім — 25,6%.

«Нақты жұмыс істеп жүрген жеке кәсіпкерлердің көбі Алматыда шоғырланған – 184,3 мың субъект. Алғашқы үштікке Түркістан облысы (163,7 мың субъект) мен Астана қаласы (130,6 мың субъект) кірді», - деп жазады Ranking.kz.

Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны өзге өңірлерден әлдеқайда төмен.

«Жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік нысанның үштен бірінен астамы сауда мен автомобиль жөндеу нарығында шоғырланған – 505,3 мың нысан. Жылдық өсім – 40,6%. Ал жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы (245,2 мың, +0,9%) және жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар (72,5 мың, +11,6%) нарығында жоғары», - деп жазылған сараптамада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале