2.09.2021, 17:09
Оқылды: 0

Нарықтағы баға көлемі реттелмек

«Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейтуіміз қажет», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында. Ал Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Азияның барысына айналуы тиіс», - деген болатын. Ол үшін біздің экономикамыздың жағдайы мықты болуы шарт. Болашақта ең төменгі жалақы мөлшері өсіп, нарықтағы баға көлемі реттеліп, шаруашылықтар жайылымдық жермен қамтамасыз етілмек.

33333

Қазіргі таңда әлемге үлкен қауіп төндіріп тұрған індетпен күресудің нақты қадамдары туралы ақпараттар айтылып, үкіметке тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы «Екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеуіміз керек», - дей келе, елде екпе салу жұмыстары қарқынды жүргізілгенімен, вакцина алуға қарсылық білдіріп қана қоймай, өзгелерді кері үгіттеп жүргендердің қатары көп екенін тілге тиек етті. Мен дәйексіз пікірлердің жетегіне ермей, ел болашағы үшін екпе алып, пандемиядан тезірек құтылудың жолдарын қарастыруымыз қажет деп есептеймін.

Әділгерей Зұлхаров, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале