«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді
1 Маусым 2023

«Ақжайық» ФК кезекті үш ұпайын иеленді

Оралда терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі
1 Маусым 2023

Оралда терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі

Ақбөкендер атамекеніне тұрақтап қалсын десек...
1 Маусым 2023

Ақбөкендер атамекеніне тұрақтап қалсын десек...

БҚО әкімі
1 Маусым 2023

БҚО әкімі "Балалар ауылына" барды

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады
1 Маусым 2023

Оралдағы  NIS мектебін 76 түлек аяқтады

Өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтауда (ФОТО)
1 Маусым 2023

Өңір басшысы балаларды мерекемен құттықтауда (ФОТО)

Науқастардың ішінде ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп – Ажар Ғиният

Қазіргі таңда коронавируспен ауырып емханаға түскендердің ішінде ревакцинация уақыты өтіп кеткендер көп. Халықаралық нейрохирургия форумының кулуарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220614091802485e

Сурет: ҚазАқпарат

«Қазіргі кезде туризмнің жандануына байланысты, балалардың жазғы демалысқа, қазақстандықтардың шетелдерге шығып жатқанына немесе өңірлер арасындағы миграцияға байланысты бұл ауру ауамен таралатын вирустық инфекция болғандықтан кеңінен таралу қаупі бар. Сондықтан бүкіл қазақстандықтардан дер кезінде вакцинация немесе ревакцинация алып, өздерінің де денсаулықтарын қорғап жүруін сұраймыз», - дей келе, Ажар Ғинияат Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ахуалға ерекше тоқталды.

«Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп жатқан аурулардың анамнезін қарасақ, 80 пайызы ревакцинацияның уақыты келген азаматтар немесе вакцинация алмағандар екенін байқап отырмыз. Сондықтан денсаулықтарыңызды қорғап, өздеріңіздің емханаларыңызға барып, екпе алғандарыңыз жөн. Қазіргі таңда бізде вакцинаның қажетті түрлерінің бәрі бар», - деді министр.

Аталмыш шарада Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда маска режимін енгізу ықтималдығы туралы пікір білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале