23.07.2020, 14:36
Оқылды: 235

«Назар аудар» театры халыққа үндеу жолдады

Қағытпа қалжың, шымшыма әзілдерімен қазақстандықтарға танымал «Назар аудар» театрының негізі Орал қаласында қаланғанын біраз жұрт жақсы біледі.
7DA26F42-ED97-44A5-9608-26C1E9B9BA58
БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясынан түскен мәліметке сүйенсек, тап мынадай сындарлы сәтте «Назар аудар» театры ел халқына видеоүндеу жариялады.

Үндеуде театр әртістері халықты ауызбіршілікке, ізгілікке, қайырымдылық шараларын жасауға шақырады.

«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Осындай қиын жағдайда біз, Орал қаласының еріктілері болып ауырып жатқан отандастарымызға дәрі-дәрмектен көмектескіміз келеді. Біз арнайы есепшот ашып жатырмыз. Жиналған қаражатқа дәрі-дәрмектер әкеліп, қиын жағдайға тап болған жандарға жеткізіп береміз. Бастысы, дәрігерлердің дәрі тағайындау туралы қағазы болуы шарт. Халық болып, ел болып сыртқат жандарға көмектесейік! Алла разылығы үшін садақаларыңыз қабыл болсын!» делінген Үндеуде.

Сондай-ақ қайырымдылық шараларына атсалысқысы келген азамат-азаматшалар Орал қаласындағы Достық үйіне келіп жолығуға да болады.

Айта кету керек, бұған дейін «Назар аудар» театры бастама көтеріп, халықтан жиналған қаражатқа оралдық тұрғынға жатақхана сыйлаған болатын-ды.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале