4.03.2022, 20:53
Оқылды: 151

«Нәзік жүректер нақышы»

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне орай дәл осындай атаумен мерекелік кеш өтті.

IMG-20220304-WA0072

Онда шәкірттері республикалық, халықаралық байқаулар мен сайыстарда өңіріміздің намысын абыроймен қорғап жүрген нәзік жанды ұстаздар ұлықталды. Солардың бірі - ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР мәдениет қайраткері Жәмилә Нұрымбетова. Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжінде қобыз аспабынан сабақ беретін оның көптеген шәкірті өнер белестерін бағындыруда. Өз кезегінде сөз алған ол шәкірт тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісіп, жиналғандарды 8 наурыз мерекесімен құттықтады.

IMG-20220304-WA0071

- Тәуелсіз Қазақстанның нығайып, әлем танып, мойындаған елге айналуына асыл аналарымыздың, апа-сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауда шешуші рөл атқарып келеді. «Әйел – өмірдің тірегі ғана емес, өмірдің өзі» деген сөздің астарында көп мағына жатыр. Егемен еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеу ісіне үлесімді қосып жүргенім үшін өзімді бақытты сезінемін, - деді Жәмилә Игілікқызы.

Іс-шара барысында нәзік жандыларды ер-азаматтар атынан белгілі айкидошы, жаттықтырушы Асан Молдағали құттықтады. Ол халқымыздың бүгінгі күнге аман-есен жетуіне, ұлт болып ұйысуына әйелдер сүбелі үлес қосқанын жеткізіп, қазақ аруларының спорттағы жетістіктеріне тоқталды.

Балалар жылына орай ұйымдастырылған кешті қорытындылаған аталмыш кітапхана директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова нәзік жанды ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, шығармашық табыс тілеп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Әлішер Асқаров, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале