19.12.2021, 16:20
Оқылды: 42

Нидерландыда омикронға байланысты локдаун енгізілді

Нидерланды премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рютте, COVID-19 омикрон штамының таралуына байланысты елде рождество және жаңа жыл мерекелері тойланбайтынын айтты.

EED81774-AAD4-4C05-BEE2-03467C52B1CA

"Омикрон штамы біз күткеннен де тез таралып жатыр", - деді Рютте сенбі күні баспасөз мәслихатында.

Локдаун 19 желтоқсанда күшіне еніп 14 қаңтарға дейін жалғасады.

Осы кезеңде ең қажетті тауарларды сататындардан басқа бар, мейрамхана, дүкен, кинотеатр, театр, мұражай, спорт залдары жабылады.

Шаштараздар мен сұлулық салондары да жабылады, Рождестволық базарлар да тоқтатылады. Тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар, кітапханалар, жанармай құю станциялары мен автомектептер ғана ашық болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале