25.08.2023, 20:22
Оқылды: 741

NIS Тамыз кеңесі киелі Түркістанда өтті

Жаңа оқу жылы алдындағы дәстүрлі Тамыз кеңесі биыл өзгеше форматта өтуде.

f84f0759-fb4b-44ee-a2e6-58b8eb52c277

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы да 17–22 тамыз аралығында «Кәсіби оқыту қоғамдастығын дамыту: сапа және тиімділік» тақырыбы аясында бірқатар білім мәселелерін күн тәртібіне қойды.

b1a81d69-e543-4013-ae89-576453ea0659

Бастапқы екі күні онлайн түрде өткен ауқымды педагогикалық жиын бес тәжірибелік алаңнан тұрды. Атап айтсақ, «Негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған NIS-Programme білім беру бағдарламасын жүзеге асыру», «Оқушылардың әл-ауқатын арттыру үшін мектеп қоғамдастығында тәрбие процесін ұйымдастыру», «Зияткерлік мектептердің оқушыларына қолдау көрсету үшін цифрлық психологиялық қызметтерді интеграциялау», «Зияткерлік мектептерде кәсіптік бағдар беруді дамыту және жетілдіру жолдары», «Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру тәсілдері» тақырыптары ортаға тасталды.

cca90445-b63f-49a4-a1a6-470104c6a8a1

Сонымен бірге бағалаудың оқушылардың академиялық жетістіктеріне және мұғалімдердің кәсіби дамуына әсері, психологиялық бағдарламалар, шеберлік және тәжірибе тарату, Beyim және Canvas платформаларын оқу процесінде қолдану тақырыптары қамтылды.

Кейін зияткерлік мектеп мұғалімдерінің Тамыз кеңесі киелі Түркістан қаласында жалғасын тапты. Конференцияға Орал қаласы NIS атынан мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы және директордың орынбасарлары Айдар Хамидоллаұлы мен Эльвира Мұратқызы қатысты.

Педагогикалық кеңеске 200 мұғалім дәстүрлі форматта, 3500 мұғалім онлайн түрде қосылды.

d528517f-0d68-4f3e-a946-dcb0f1810fd9

Ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Төрағасы Ануар Жанғозин білім беру мен тәжірибе таратудағы маңызды тұстарға тоқталды. Сондай-ақ дербес білім беру ұйымының 15 жылдық мерейтойына орай үздік нәтиже көрсете білген бірқатар педагогтерге арнайы номинацияларды табыстады. Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Зәмзәгүл Тілепбергенқызы «Адал еңбек және үздік тәжірибе» номинациясына лайық деп танылды.

«Мектеп қоғамдастығы – оқушылардың өз қабілетін іске асыратын орта» тақырыптық алаңы трансляция ретінде назарға ұсынылса, «Мектеп қоғамдастығында оқушының жеке жетістіктеріне қолдау көрсету», «Мектеп қоғамдастығындағы педагогтің кәсіби дамуын жоспарлау» тақырыптары бойынша тәжірибелік алаң ұйымдастырылды.

Тамыз кеңесінің қорытынды күні білім берудегі тәжірибені тиімді тарату мәселелері алға қойылып, оқушылардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруда мектеп қоғамдастығын нығайту жөнінде ойлар ортаға тасталды.

Педагогтің кәсіби дамуын жоспарлау тақырыбы негізге алынып, тәрбие жұмыстары және басты құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған NIS-Programme білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға мән берілді.

Педагогикалық пікірлер, озық ойлар, қызықты диалогтік алаңымен айрықша болған Тамыз кеңесі жаңа оқу жылына нақты міндеттерді айқындап берді.

 Мөлдір Латифова,

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале