3.11.2021, 15:00
Оқылды: 37

«Нұрлы жол»: БҚО-да екі республикалық жол жаңғыртылады

Батыс Қазақстан облысында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі республикалық маңызы бар жол жаңғыртылмақ.

26

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, Подстепный-Федоров- РФ шекарасы және Атырау-Орал автожолдарын қайта жаңарту жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, Подстепный-Федоров-РФ шекарасы жолы өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған, өте қанаттанғысыз күйде. Автокөліктер көп жүрген (тәулігіне 3 мыңнан астам автокөлік) кезде жолдың жекелеген бөліктері төртінші санаттағы параметрлерге жетеді. Оған қоса 15 шақырым жолда қатқыл табанды асфальт төселмеген.

«Күні бүгін мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жоба аясында жол төсемі 9 метрге дейін кеңейтіліп, үшіншіден екінші техникалық санатқа көшіріледі, оған қоса 5 көлік жол айрығы мен 5 көпір салу көзделген.

Қазіргі уақытта жобаны жүзеге асыру үшін қаржы көзін анықтау жұмыстары жүргізілуде», деді Ә.Кәрімбаев.

Сол секілді Атырау-Орал жолын 4 жолақты қозғалысы бар Іб техникалық санатқа ауыстыру ойластырылуда. Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін ұзындығы 303 шақырым жолды қайта құру үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Сондай-ақ ұзындығы 32 шақырым, екі жолақты қозғалысы бар Орал қаласының оңтүстік-батыс айналма жолының да жобасы жүзеге асырылмақшы.

Сонымен қатар Ресеймен шекарадағы Сырым, Тасқала, Ақсай, Шаған және Жәнібек өткізу бекеттері де кезең- кезеңмен қайта құрылмақшы.

Айта кетейік, БҚО-да республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы – 1414 шақырым. Биыл соның 248 шақырымы күрделі, 76 шақырымы орташа және ағымдағы жөндеумен қамтылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале