4.05.2024, 15:00
Оқылды: 108

Нысана көздеуден Гран-при жарысында ел қоржынына 2 медаль түсті

"Пльзень қаласында (Чехия) нысана көздеуден Гран-при бәсекесі өтіп жатыр", - деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

786072162787e5160e164c2414a91d72_1280x720

Фото: www.gov.kz

10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлде иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қолаға қол жеткізді.

Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале