22.11.2018, 21:15
Оқылды: 51

Облыс әкімі әлем чемпиондарымен кездесті

Облыс әкімі Алтай Көлгінов самбо және жауынгерлік самбо бойынша өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары Нұрбол Серіков және Темірлан Ихсанғалиевпен кездесті. Чемпиондармен бірге бапкерлері мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева келді.

IMG_4199

Жеңімпаздарды мәртебелі жеңістерімен құттықтаған Алтай Көлгінов спортшылардың әлем чемпионатындағы жетістіктері облысымыз ғана емес, жалпы республикамыздың үшін де зор мақтаныш екендігін атап өтті.
– Біз сіздердің жеңістеріңізге куәміз. Әлемдегі мықтылардың бірі атану – әр спортшының арманы. Әрине, бұл нәтижеге көптеген жыл бойына талмай-тынбай еңбектену арқасында қол жетті. Біз сіздермен және жеңістеріңізбен мақтанамыз.

IMG_4380
Мемлекет басшысы спортқа басты назар аударуда. Елімізде салауатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Біз бұқаралық спорттың бастапқы нүктесінен бастап дәл осындай биік белестерге дейін дамып келе жатқандығының куәгерлеріміз. Біздің өңірімізде сондай-ақ кәсіби және жаппай спортты дамыту бойынша да біраз жұмыс жүргізілуде. Келесі жылы спорттық интернат салуды жоспарлап отырмыз. Қосымша мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша «Ақжайық» стадионына жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар қаламызда Мұз аренасы салынбақ. Тек қаламызда ғана емес, сондай-ақ облыс аудандарында да спорттық алаңқайлар құрылысы белсенді жүргізілуде, - деді Алтай Сейдірұлы.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаеваның айтуынша, келесі жылы спорттық интернаттың қолданысқа берілуі – өңіріміздегі барлық спортшы үшін айтулы оқиға.
– Бұл интернат біздің облысымыздың спорттық резервін дайындаудың орталығы саналады. Айта кету керек, интернат түлектерінің көпшілігі ҚР ұлттық құрамасының жастар және жасөспірімдер командаларына мүше болуда. Сондай-ақ қазіргі кезде спорттық мектептер барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілетіндігі қуантады. Биылғы жылы интернатқа түсу үшін емтихан тапсыруға облысымыздың барлық ауданынан балалар келді. Нұрбол Серіков –осы интернаттың түлегі, сондай-ақ Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Екатерина Ларионова секілді спорт саңлақтары да аталған білім ордасының түлектері екендігін мақтанышпен айтамыз.
Самбодан әлем чемпионатындағы біздің споршыларымыздың жеңісі керемет нәтиже екендігін атап өткім келеді. Бұл спорт сайысында Қазақстан екі медаль иеленсе, екеуіне де біздің облыс спортшылары қол жеткізді. Бұл – спортшылардың талай жылғы еңбектерінің нәтижесі. Жігіттер бұл биікті бағындыру үшін біраз сыннан өтті, - деді Әсия Аманбаева.
Румынияда өткен әлем чемпионатында әлемнің 92 елінен келген спортшылар бақ сынасты. Самбо олимпиадалық спорт түріне жатпайды, сол себепті әлем чемпионатында жеңіске жету – ең жоғары жетістік.
– Әлем чемпионатының финалында мен Әзірбайжаннан келген спортшыдан басым түстім, ол спортшымен осыған дейін түрлі жарыстарда төрт мәрте кездескен болатынмын. Чемпионатта барлығы бес белдесу өткіздім, - деп атап өтті Нұрбол Серіков.
– Өткен жарыстарда мен 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шығып жүрдім. Чемпионат барысында Франция, Түркіменстан, Қырғызстан және Ресей елдерінен келген төрт қарсыласымды жеңдім. Бұл – менің алғашқы алтын медалім, - деп ой бөлісті Темірлан Ихсанғалиев.
Кездесу соңында жеңімпаз споршыларымызға алғысхат пен бағалы сыйлық табыс етілді. Чемпиондар облыс басшылығына қолдау білдіргендігі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтарды жеңістерімен қуанта беретіндіктеріне сендірді.
Айта кетсек, Батыс Қазақстан облысының спортшылары Румынияда самбо және жауынгерлік самбодан өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрбол Серіков Әзірбайжаннан келген қарсыласымен тең дәрежеде өткен финалдық айқастың соңғы секундтарында басымдығын танытып үлгерген болатын. Ал БҚО полиция департаментінің қызметкері Темірлан Ихсанғалиев БҚО тарихында тұңғыш рет 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жауынгерлік самбо бойынша чемпион атанды. Финалдық белдесуде жерлесіміз ресейлік чемпионнан басым түсті.

Данияр БАХИШЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале