29.12.2022, 17:45
Оқылды: 252

Облыс әкімі ардагерлермен кездесуде

Дәл қазір облыс әкімі Нариман Төреғалиев «Атамекен» өнер ордасында өңірдің ардагерлерімен кездесуде. Оған әр саланың ардагерлері, аудандық ардагерлер кеңесі төрағалары қатысуда.

10,

- Қариясы қадірлі қоғамның ырысы мен табысы мол. Өздеріңізге белгілі осы қызметке жақын арада кірістім. Сол себепті бүгінгі жиында сіздермен жүзбе-жүз кездесіп, кеңестеріңізді тыңдап, баталарыңызды алып, елдің хал-ахуалын, ардагерлердің жағдайымен танысып, пікіралмасу мақсатымен бас қосып отырмыз. Ардагерлер әрдайым өнегесімен құнды. Әр салада жеткен жетістіктеріміз бен табысымыз бар. Елдің қиын сәттері мен күрделі кезеңдерін бастан кешіп, халыққа, қоғамға қызмет жасадыңыздар.

12

Ардагерлер ұйымының жұмысына қолдау жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Облыстық ардагерлер ұйымы соңғы жылдары жұмысын жандандырып, ардагерлеріміздің жан-жақты әлеуметтенуін қамтамасыз етіп, қолдан келгенше әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Әрқашан ардагерлерге қатысты мәселелердің дұрыс шешімін тауып, барлық мемлекеттік органдармен түсіністікте қызмет етіп келесіздер. Өңірімізде өткізіліп жатқан көптеген мәдени-бұқаралық шарада ардагерлердің зор үлесі бар, - деді жиында облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы.

11

Бүгінде облыста егде жастағы 91 380 адам болса, олардың ішінде 58-ден жоғары әйелдер саны 59 999. Ал 63-тен жоғары ерлер саны - 23 333.

Динара Тілекқызы,

Суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале