21.12.2023, 18:58
Оқылды: 0

Облыс әкімі белгілі өнертанушы Ілия Жақановты қабылдады

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, халықаралық Шыңғыс Айтматов және Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркемсурет Академиясының академигі, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші Ілия Жақановты қабылдады.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG-20231221-WA0290

Өңір басшысы белгілі өнертанушыға алғысын білдірді. Одан әрі қарай «Атамекен» өнер ордасында Ілия Жақановтың шығармашылығына арналған республикалық «Еділ-Жайық» суретшілер симпозиуымының ашылу салтанаты өтті.

IMG-20231221-WA0288

Айта кетейік, Ілия Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Ақтоғай ауылында жарық дүниеге келген.

IMG-20231221-WA0286

Ол 1959 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

IMG-20231221-WA0284

Ал 1959-1963 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. Сондай-ақ 1963-1984 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия және радиохабар жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор қызметтерін атқарған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале