10.11.2021, 12:47
Оқылды: 96

Облыс әкімінің қатысуымен жедел штаб отырысы өтті

Тәжтажал індеті, әсіресе, қарияларға қатер төндіріп тұр. Облыста коронавирус кесірінен қаза тапқандардың 84%-ы егде адамдар. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков облыс әкімі Ғали Есқалиев төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында мәлім етті.

18426E5F-2047-4256-8C3A-AA6A6F4C9805

Облыс бойынша вакцина алғандардың 13%-ы – жасы алпыстан асқандардың үлесінде. Нақтылап айтқанда, осы санаттағы 92 021 адамның 31%-ы ғана екпе алыпты. Медициналық бригадалар көмегімен 5 мыңға жуық кәрі адам вакцинаны үйде қабылдады. Облыс әкімі Ғали Есқалиев республика бойынша аталған санатқа байланысты вакциналау көрсеткіші төмен екенін, үгіт-насихат жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын айтып, басқарманың жұмыс қарқынын сынады.

83FE3FFD-2637-4C70-A6DB-D15EAA625311
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Мұстаев қарашаның 1-інен бастап, коронавирус індетіне байланысты 264 жағдай тіркелгенін айтты. Соңғы екі апта көрсеткіші бойынша ауруға шалдығу 8,6%-ға төмендеді. Эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша біраз уақыттан бері өңірдің өзі – «Жасыл аймақта». Бірақ карантиндік шектеулер жеңілдегелі көпшілік шоғырланған жерлерде санитарлық талапқа салғырт қарау күшейіп келеді. Мұстаев мониторинг топтары қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлеріндегі тәртіпті қадағалауға ден қоюы керектігін атап өтті.

6BF7A706-E2DB-42AD-BB7B-1567359F21F5
– «Жасыл аймаққа» енгелі, концерттік залдар мен театрлар ішінде санитарлық талап сақталмайтыны туралы телефонмен шағым айтатындар көбейді. Қойылымдар арасындағы үзілісте көрермен залын желдету, дезинфекциялау шаралары жүргізілуі керек. Мониторинг топтары мүшелеріне осы мәселеге назар аударуын ұсынамын, – деді Нұрлыбек Мұстаев.

DA65FDBE-2743-4AE4-8B4E-05FFC0A7D02F

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың мәліметіне сүйенсек, өңірде 4 173 объекті «Ashuq» мобильдік қосымшасымен жұмыс істеуде. Биылғы 26 сәуірден бері «қызыл» мәртебесімен жүрген 1196, «сары» дәрежедегі 770 адам «Ashyq» сүзгісіне тұтылды. Әсіресе, Орал қаласы мен Бөрлі және Бәйтерек аудандарында карантиндік шектеуге көз жұма қарайтындар көп.

2904AEDA-EA1F-49FD-A653-CE13E049764B
– Мобильдік қосымша қоғамдық тамақтану орындары мен ХҚО-тарына және әуежайға «қызыл» дәрежесімен алаңсыз бару дерегі жиілегенін көрсетті. Өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес әрбір екі апта сайын стратегиялық нысандардың «Ashyq» жүйесіне қосылуына қатысты деректерді сараптап отырмыз. 118 кәсіпкерлік нысаны, 71 мемлекеттік мекеме осы жүйені тұрақты қолданудан көшбасшы болуда, – деді Нұржан Мақсотов. Сондай-ақ «Ashyq» жүйесін тұрақты пайдаланбай отырған мемлекеттік мекемелерді атап өтті.

8E95C56B-42C4-4754-B160-D54A2B9C3FB1

Облыс әкімі Ғали Есқалиев мобилдік қосымшаның қолданбай отырған, осыған қатысты екі мәрте ескерту алған мекемелердің жетекшілеріне тәртіптік жаза тағайындау жөнінде облыс әкімі аппаратының басшысы Берік Батаевқа тапсырма берді.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале