5.12.2022, 12:01
Оқылды: 41

Облыстық онкологиялық диспансерінде өңештің қатерлі ісігі диагнозымен түскен науқасқа ота жасалды

Облыстық онкологиялық диспансеріне 64 жастағы науқас, өңештің қатерлі ісігі диагнозымен медициналық көмекке жүгінген. 

4

Науқастың айтуы бойнша оны  жартылай қатты және мезгіл-мезгіл сұйық тағамнан өту, 10 кг-нан артық салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік мазалаған.

Науқасқа өңеш пен асқазанның жүрек бөлігін субтотальды резекциялау операциясы жасалды. Операцияны онкохирургиялық бөлімшенің меңгерушісі, М.ғ. к. Аманов Тайман Төлеуғалиұлы жасаған болатын.

Әлемде онкологиялық аурулардың проблемасы өзекті болып қалуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда қатерлі ісіктері бар науқастардың өсуі болжанып отыр. Өңеш обырының аурушаңдығы БҚО бойынша 4-орында, жыл сайын 100-120 науқас анықталады, оның ішінде 55-65% жағдайда пациенттерге жедел емдеу жүргізіледі.

Осылайша, дер кезінде жасалған ота нәтижесінде науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтың өткізгіштігі қалпына келтірілді, одан әрі ұсыныстар жасалды.

Айта кету керек, жоспарлы операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, шұғыл ота медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша жүргізіледі.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале