2.11.2026, 19:15
Оқылды: 5

Облыстық штаб өкілдері қаратөбеліктермен кездесті

Қараша айының 2-сі күні "ӘДІЛЕТ" партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық штаб өкілдері Қаратөбе ауданына арнайы келіп, жергілікті жұртшылықпен кездесті.  

IMG-20261102-WA0052

Жиынға "Әділет" партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штаб өкілдері — Азамат Сафималиев, Бауыржан Жантлеуов, Ерлік Шамғалиев арнайы қатысты.

– Ағымдағы жылдың наурыз айының 15-і күні біз өзіміздің жаңа Ата заңымызды қабылдадық. Жаңа Конституцияға сәйкес көптеген өзгеріс басталды. Жалпы Парламентіміз екі палаталы болды. Жаңа Ата заңға байланысты бір палаталы Құрылтай болып құрылып, сайлау өтті. Құрылтай сайлауына еліміздегі барлық партия қатысты. Сол сайлаудың алдында «Әділет» партиясы құрылды.

Енді қарашаның 29-ы күні елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтеді. Сайлауға барлық партия өздерінің үміткерлерін ұсынып, қатысып жатыр. Ол облыстық, қалалық, аудандық деңгейде де өтеді.

Енді өзіміздің партиямызға келетін болсақ, өздеріңіз жақсы білесіздер, «Әділет» партиясы — бұл Президентіміздің саяси тірегі. Осы сайлауға келер алдында толығымен жан-жақты аманаттар жинақталды. Халықтың қандай мәселелері шешілмей жатыр, соған байланысты партия сайлауалды бағдарлама жасақтады. Ол бағдарламадағы ең бастысы — «Жол картасы». «Жол картасында» не көрсетіледі: оған әр елді мекеннің, әр ауданның шешілмей жүрген мәселелері толыққанды енгізілді. Сол «Жол картасын» біз Батыс Қазақстан облысы бойынша толығымен жасақтап, республикаға тапсырып, бекіттік. Жол картасына сай сіздердің ауданыңызда атқарылатын көптеген жұмыс көрсетілген. Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, 4 жаңа медициналық нысанды дамыту жоспарланып отыр. Сонымен қатар электр желілерін күрделі жөндеуден өткізуге қаражат қаралды. Алдағы 2028 жылы аудан орталығынан 300 орындық мектеп салу жоспарланып отыр, - деді кездесуде алғаш сөз алған «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облысы филиалының сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев.

IMG-20261102-WA0053

Сөз алған штаб өкілдері «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген негізгі басым бағыттарға тоқталып, күні кеше Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Алдағы 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауы туралы түсінік берді. Сонымен қатар алдағы 5 жылда жасалатын Қаратөбе ауданы бойынша жол картасына енгізілген құрылыс нысандарын атап өтті. Кездесуді аудандық штаб жетекшісі Нұрлан Құмарұлы жүргізді.

IMG-20261102-WA0055

Алдағы науқанда №5 Жаңақоныс сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Фариза Бауыржанқызы, № 6 Қаратөбе сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қайырғалиев Мәди Аманжолұлы өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.

Жиын соңында сөз алған партия ардагерлері Сағынғалиев Бейбіт Есенбайұлы, Жәнібеков Еркінбек Ғаббасұлы алдағы сайлауда сәттілік тілеп, үміткерлерге ұсыныстарын жеткізді. Оның ішінде Қалдығайты өзеніне көпір салу, «Қаладан ауылға» бағдарламасын жалғастыру, аудан орталығына мектеп салу, жастардың кәсіпкерлігін дамытуға қолдау көрсету, аудандық маңызы бар жол мәселесін кезең-кезеңмен шешуді қарастыру.

IMG-20261102-WA0054

Жиынға қатысқан жұртшылық 29 қарашада өтетін мәслихаттар сайлауына қатысып, өз таңдауын жасайтындықтарын жеткізді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі 

Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О. 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале