4.03.2020, 16:02
Оқылды: 1609

Облыстық сотта – жаңа төраға

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Рүстем Мырзакәрім Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

sot

Бүгін өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абдрашид Жүкенов облыстың судьялар корпусына жаңадан тағайындалған сот төрағасын таныстырды.

sot 2

Аталған шараға облыс әкімі Ғали Исқалиев, сот алқаларының төрағалары мен облыстық соттың судьялары, облыс судьялары және сот қызметкерлері, сонымен қатар өңірдің мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

sot 5

Рүстем Мырзакәрiмұлының ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, өз саласын жетік меңгерген маман ретінде осы қызметке лайық деп ұйғарылды. Кәсіби судья, тәжирибелі басшы өзіне артылған сенімді ақтайды деп есептеймін, – деп атап өтті Абдрашид Төлегенұлы.

Ол сондай-ақ осы кезге дейін облыстық сот төрағасы қызметін абыроймен атқарған Бек Әметовтың сот төрелігінің сапасын арттыруға және сот беделін нығайтуға үлкен үлес қосқанын айтты. Облыстық сот төрағасы ретінде өкілеттігін аяқтаған Бек Әметов облыстық соттың судьясы болып тағайындалды.

sot 6

«Сот саласы өте жауапты да күрделі қызмет. Әр шешімнің артында адамдардың тағдыры мен болашағы тұрғандығын біз жақсы түсінеміз. Өңірімізде көп жылдар сот төрағасы қызметін атқарған Бек Әметұлының сот жүйесін дамыту, сот төрелігін жетілдіру секілді жұмыстарды мінсіз атқарды деп есептеймін. Жаңадан басшылық қызметке тағайындалған Рүстем Мыразакәрімұлына қош келдің айтып, қызметіне сәттілік тілеймін», – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, 43 жасар Рүстем Мырзакәрімұлы Алматы қаласында дүниеге келген.1998 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін тәмамдап, кейін аталған оқу орнынан құқықтану магистрі дәрежесін алған. Ол өзінің еңбек жолын Алматы қалалық прокуратурасында бастады. Кейін бірқатар өңірлерде алқа төрағасы болып еңбек етті. Жалпы еліміздің сот саласында 15 жылдан астам уақыт еңбек өтілі бар. Жаңа орынға тағайындалғанға дейін ол Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарды.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

 zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале