19.06.2017, 17:17
Оқылды: 60

Облысымызда сақшылар арасында мергендер анықталды

 Mergender        Оралда Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай БҚО ішкі істер департаменті бөліністері арасында жауынгерлік қарудан нысана көздеуден чемпионат өтті.

     БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жарысқа барлығы 11 команда қатысып, бақ сынады. Командалық есепте Орал қалалық ішкі істер басқармасы бірінші, облыстық ІІД жол-патрульдік полиция жеке батальоны екінші, ІІД көші-қон қызметі басқармасы үшінші орынға ие болды.


   Жекелей сында Макаров тапаншасы-2 (ПМ-2) жаттығуынан Балжан Сәрсентаева, ПМ-5-тен Альфия Рахметова, ПМ-3 және ПМ-6-дан Бауыржан Оспанов, ПМ-4-тен Дастан Дошанов, Калашников автоматынан нысана көздеуден Тілек Қожанберлиев (АК-3) пен Берік Шынаров (АК-4) үздік атанды.

   Командалық және жекелей сында озып шыққандар диплом, кубок, медальдармен, сондай-ақ ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

   Жеңімпаздар алдағы шілде айында Шығыс Қазақстан облысында жауынгерлік қарудан нысана көздеуден өтетін ҚР ІІМ біріншілігіне қатысады.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале