Оқушыларға арналған «Буктрейлер» республикалық байқауы басталды«Буктрейлер» республикалық байқауы басталды. Байқау ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен өтеді. Ұлттық институт ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арзу Саликованың айтуынша, байқау Халықаралық балалар кітабы күніне арналған, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
«Шығармашылық сайыс балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының сүйікті кітаптары туралы бейнероликтер қабылданады», — дейді Арзу Саликова.